«Экономика» пәндер циклдік бірлестігінің апталығы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың экономикалық сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осы тұрғыда, биылғы оқу жылында 12.11.18-19.11.18 жж аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Экономика» пәндер циклдік бірлестігінің апталығы өтті. Апталықта өткізілген барлық іс-шаралар жүйесін осы ғылым негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың экономикалық пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.

Апталықтың мақсаты: оқытушылардың кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру, оқушылардың экономикалық пәндерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ұлттық валютамыз-төл теңгенің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген апталықта жоспарланған іс- шаралардың бірегейі - аталмыш мерейтойға арналған колледжішілік шығармашылық байқау. Бұл байқауға барлық топтар белсене қатысып, үздік деп танылған жұмыстар марапатқа ие болды.

Басылым күні :  28.11.2018