«Ақша, қаржы, несие» пәнінен ашық сабақ

16.11.2018ж сағат 14.35те «Ақша, қаржы, несие» пәнінен оқытушы Кенжебаева Г.Б. ФР-203 тобында «Сақтандыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымын сабақтың мақсатына және типіне тиімді сәйкестендірген. Аудиториядағы құралдарды сабақта тиімді пайдаланып, сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырды. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасаған. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаланды.

Басылым күні :  28.11.2018