Ұлттық валютаға -25 жыл!

14.11.2018ж сағат 11.30 ФК-304 және ФК-103 топтарында оқытушы Ерғали Д.Е. ұлттық валютамыздың 25 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық валютаға -25 жыл!» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сабақ ойын түрінде, екі топтың арасында жарыс ретінде өткізілді. Сабақта ұлттық валютамыздың шығу тарихы, айналымға енгізілуі жайлы көптеген мәліметтер беріліп, оқушылардың теңге туралы білімдерін дамытуға септігін тигізді. Слайд арқылы суреттер көрсетіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне назар аударылды. Төл теңгемізде бейнеленген ұлы тұлғалар туралы да оқушылар ақпараттар жинап, қызықты мәліметтермен бөлісті.

Басылым күні :  28.11.2018