Құттықтаймыз!

Елбасы  болашақ жастарға  үлкен үміт артып отыр. Білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік сала болсын
Елбасымыздың қолдауымен  жүзеге асып жатқан шаралар қаншама. Соның ішінде ерекше көңіл 
бөлуді қажет ететіні білім -ғылым саласы. Себебі, кемелденген ел болуы үшін  оның халқы білімді болуы шарт. Сонда ғана біз келешекке нық қадам баспақпыз. Ал келешек бүгінгі жастардың қолында. 
Әрбір  тұлғаның  өзіне  тән  туа  біткен  дарыны,  қабілеті  болады,  сол    қабілетті  танып,  дамыта
білсе, зор белестерді бағындыра алады.  Міне осындай дарынды жастардың бірі Қазақ Ұлттық Университеті колледжінің құқықтану мамандығының 3курста оқитын 
Кенжетаева Арайлым Бірлікқызы Республикалық дарынды және талантты жастарға арналған 05-қазан 2018 ж.-25 қазан  2018 ж.аралығында ұйымдастырылған «Жас дарын» Республикалық ғылыми жұмыстар байқауында Рухани жаңғыру аясында «Білім – болашаққа жол» атты тақырыпта қатысып, «Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ » наминациясында I орын алды. Сондай-ақ Білім және ғылым саласында дарынды және талантты жастардың еңбектерін ерекше бағалау мақсатында, «Жас дарын» төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының магистрі, бірінші санатты құқықтық пәндер оқытушысы Сапирова МираМейрхановна.  Аталған  студент жарыстарға,  қоғамдық  жұмыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға иеленіп жүр.
Арайлым тек оқумен ғана шектелмей, осы оқу орны  қабырғасында жыл бойы өтетін барлық қоғамдық - мәдени  іс  -  шараларға  белсене  ат  салысып жүр. Алға  қойған  мақсаты:  өзінің  бар  бойындағы  білімін,  өнерін  еліміздің  білімді  жас ұрпақтарына  сапалы білім мен саналы  тәрбие беруге өз үлесін қосу, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне аянбай еңбек ету. «Балам дейтін жұрт болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» дегендей  Елбасы білім жолына кемелді күш сала отырып, өз сөзінде:  «Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде» деп, жастарға мол міндет жүктеді. Бұл сөздер арқылы студенттерді рухтандырып, жігерлендіреміз. Елбасының өсиет сөздері  ұлтжанды әрбір жастың бойтұмарына айналғай! 

Басылым күні :  26.11.2018