«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта дәріс өтті

08 қарашада колледждің білім алушыларына Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының мамандарымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта дәріс оқылды. Дәріс барысында « Дін дегеніміз не?», « Сіз қандай діндерді білесіз?», «Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?» деген сауалдар талқыланды. Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал екендігі ескертілді.

Басылым күні :  12.11.2018