Елбасы жолдауы басты назарда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде студенттер онлайн режимде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тыңдады. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін қамтиды. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Себебі Президент жастарға басымдылық беріп, қай салада болмасын оларға қолдау білдіреді: білім, әлеуметтік, мәдени, т.б.

Басылым күні :  01.11.2018