«Тілдер мерекесі» аясында «Жанды классика» байқауы өтті

2018 жылдың 21 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Тілдер мерекесі» аясында «Жанды классика» атты тақырыпта мәнерлеп оқудан байқау өтті. Студенттер классикалық шағармалардан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде үзінді оқыды. «Әдебиет – өмір айнасы», «Әдебиет – рухани азық» демекші, аталған іс-шаралардың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін байқап, дамыту. Барлық қатысушылар өздерінің қабілеттерін көрсетіп, барынша актерлік шеберліктерін көрсетуге тырысты. Көрермендер тарапынан да үлкен қызығушылық байқалды. Сондай-ақ «Үздік қабырға газеті», «Үздік эссе» бойынша жеңімпаздар марапатталды. 


Басылым күні :  24.10.2018