Колледжде "Білім күні" салтанатты жиыны өтті.

03.09.2018 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды колледж директоры Р.О. Нурканова өзінің құттықтау сөзімен ашты. Колледждің мәртебесін биіктетіп, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосқан, ұрпақ болашағына үкілі үмітпен қарап, оқу-тәрбие үрдісінде қалыптасқан қағидаларды бұзбай, әлемдік үрдістерді енгізе отырып, білім алуға жаңашыл серпін беріп, өз тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы егеменді еліміздің жанашыр, ұлтжанды жастарын тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, ал жаңадан колледж табалдырығын аттаған студенттерге оқуда жоғары жетістік пен қызықты студенттік өмір тілейміз!

Басылым күні :  11.10.2018