Рухани жаңғыру аясында Елордамыз - Астана қаласына 20 жыл толуына орай өткізілген «Жігіт сұлтаны-2018» әскери-патриоттық сайысы

18.04.2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде Рухани жаңғыру аясында Елордамыз - Астана қаласына 20 жыл толуына орай өткізілген «Жігіт сұлтаны-2018» әскери-патриоттық сайысы өтті. Сайыс әр топтың өз аттары мен ұрандарын таныстырумен басталды. Сайыс барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетіп, сонымен қатар, қару-жарақты бұзып-жинау, газтұмылдырық кию, арқан тартыс және зияткерлік сайыс бойынша снылды. 1-курс студенттері қатысқан сайыстың әр кезеңі бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. 1-орынға ПК-101, 2-орынға ПР-102/ВТР-107 мен ФР-103/УАР-104, 3-орынға ПДК-105/ПДР-106 топтары ие болды. «Жігіт сұлтаны» номинациясын ПК-101 тобының студенті Мәкбай Арман иеленді. Рухты асқақтатып, жігерді жігерлендіре түсетін аталған сайыс білім алушылар мен қонақтар тарапынан оң бағаға ие болды.










Басылым күні :  19.04.2018