«Хақ жолы» атты әлеуметтік драма

10.04.2018ж колледж студенттері Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының «Хақ жолы» атты әлеуметтік драмасын көріп қайтты. Аталмыш қойылымда бүгінгі күні біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған теріс діни ағымдар мәселесі көтерілген. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тартысты басты назарға ала отырып, қарапайым қазақ отбасындағы оқиға арқылы жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетуі мен тұрмысымызға дендеп еніп, қоғамдық дертке айналып келе жатқандығын өткір сынға салған.

Басылым күні :  19.04.2018