Университет көлемінде дәстүрлі 46-шы спартакиада жарысы өтті

4.01-11.01.2018ж аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ректор кубогына таласатын «Денсаулық» атты факультеттер арасындағы дәстүрлі 46-шы спартакиадасына колледж оқытушылар құрамасы қатысты.   

Жарыс университеттің спорт залында өткізілді. Спартакиада келесі спорт түрлерінен жүрді: шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, бадминтон, дартс және тоғызқұмалақ.

Дәстүрлі спорттық шараға колледжден Д.Г.Ахметжанов, А.А.Егеубаев, Е.Ш.Жанаманов, Ш.Ж.Саламатов, Р.М.Тоғайбаев, Г.Б.Саипкулова, Б.Б.Аязбаева оқытушыларынан құралған құрама команда қатысты.

Оқытушыларымыз дартстан 3-орын, тоғызқұмалақтан 1-орынға ие болды. Жеңімпаздар «Парасат» кәсіподақ ұйымының жүлделерімен марапатталды.




Басылым күні :  11.01.2018