Ұстаз есімі қашан да ұлағатты

Осыған байланысты 04.10.2017 жылы колледжде білім алушылардың ұйымдастыруымен  ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты концерті өтті. Іс-шараны факультет деканы Ж.Е.Жаппасов пен колледж директоры Р.О.Нурканова құттықтау сөзбен ашты. Әрмен қарай мерекелік кеш колледж директоры Р.О.Нурканова мен оқу-тәрбие ісінің орынбасары Д.Ғ.Ахметжанов оқытушылар қауымына әкімшілік атынан фортепиано аспабымен классикалық әуендерден құралған «Папурриді» тарту етумен жалғасты. Білім алушылар оқытушыларға арнап өздерінің жүрек жарды жырларын оқып,  ән, КВН, күй және бимен әрледі. Кеш барысында ұстаздарға арналған қызықты және әсерлі слайд-шоу да көрсетілді. Қатысқан оқытушылар қауымы  ұйымдастырылған іс-шараға тәнті болып, ризашылығын білдірді.

Басылым күні :  06.10.2017