Айтыскер, ақын, драмалық актер, филолог Ринат Заитовпен кездесу кеші

2017 жылы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залында айтыскер, ақын, драмалық актер, филолог Ринат Заитовпен кездесу кеші өткізілді. Кешке факультет басшылығы, колледж студенттері, қазақ диаспора өкілдері, Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар және Философия және саясаттану факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кеш барысында ақын Ринат Заитовтың шығармашылық өмір жолымен танысып, оның шығармашылық туындылары орындалды. Кеш соңына қарай ақындық жолды қуып жүрген колледждің 1 курс студенті Сауытбек Расул ақынға жеке сауалдарын жолдап, айтыс үзіндісімен жалғастырды.

 


 

Басылым күні :  11.03.2017