"Адам және әлем" шығармашылық байқауы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің білім алушылары   2016 жылы 14 желтоқсанда ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тағайындау үшін студент жастар мен оқушылар арасында жыл сайын болатын "Адам және әлем" атты шығармашылық байқауға қатысты. Байқауда проза және поэзия жанры бойынша  жеңімпаздар анықталды. Марапаттау ҚР Ұлттық кітапханасында өтті. «Құқықтану» мамандығының 1-курс білім алушысы Сауытбек Расул дипломмен, ал Есенжан Құнанбай, Мұратханов Тоқтамыс, Кенжетаева Арайлым сертификаттармен марапатталды. Шығармашылық байқау барысында жас ақындар өз шығармашылығынан үзінді оқып, Ә. Нұршайықов туралы қызықты мәліметтермен де бөлісті. Қатысушылар рухани азық алып, ерекше әсерге бөленді.

 

Басылым күні :  26.12.2016