ЖИТС (СПИД) – ғасыр дерті

Қазақ Ұлттық Университетінің колледжінде 2016 жылдың 30-қарашасында «ЖИТС (СПИД) – ғасыр дерті» атты ашық сабақ өткізілді. Шара ПДК-106 тобында өтті. Ділшат Линура мен Абдилда Амина мазмұнды да, тартымды презентация ұсынды. Презентацияда ЖИТС ауруы туралы мағлуматтар бере отырып, ЖИТС-тың жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шаралары туралы мәліметтер берді.

Бұл шараның негізгі мақсаты: ЖИТС туралы мәлімет беру, салауатты өмір салтын насихаттау. ПДК-106 тобының студенті Айтқожаева Ақбота өте мазмұнды рефнрат қорғады. Рефератта ЖИТС тарихы, алғашқы шыққан жері және алғашқы тіркелген мемлекеттерді толығымен айтып шықты.

Студенттер бұл ашық сабақта көп мәлімет алды, ең бастысы ЖИТС вирусы ең алдыменен имундық жүйесі әсер ететіндігін білді.

Ашық сабақ тартымды өтті. Ашық сабақты биология пәнінің мұғалімі Каупенбаева Роза Басаргабызовна «1-желтоқсан халықаралық СПИДке қарсы күрес» күніне арналды.

 

Басылым күні :  01.12.2016