ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттері 2016 жылдың 3-9 қараша аралығында Испанияда жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиядаға қатысты. Олимпияда TERRAMAR Group, Talent alliance-Bulgary, WORLD Musik in Kazakhstan, EUROTOUR KZ, Oxford International Education Group Таррагона қ. университеті, Таррагона қаласының әкімшілігінің қолдауымен өтті.

"Аударма ісі" мамандығының ПДР-207 тобының студенті Болат Айдана ағылшын тілінен жүлделі 3-орынды иеленді (жетекшісі Габдушева С.К.). Сондай-ақ "Құқықтану" мамандығының ПК-101 тобының студенттері Есенжан Құнанбай мен Қайратұлы Алматқа математика пәнінен (жетекшісі Атамбекова Г.К.),  "Аударма ісі" мамандығының ПДК-206 тобының студенті Болатбаева Еркежанға ағылшын тілінен (жетекшісі Рысбекова Б.А.) сертификаттар берілді.

  

Басылым күні :  11.11.2016