"Педагогикалық инновация білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде" атты І-ші Халықаралық педагогикалық оқуларына қатысу

2016жылдың 27-29 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқытушылары "Педагогикалық инновация білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде" атты І-ші Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысты.

Ұйымдастырушылары: "Тұран" университеті, "Тұран" университетінің колледжі, "Тұран" мектеп-лицейі, Алматы қаласының білім беру басқармасы, Алматы қ. колледждерінің қауымдастығы, Алматы қ. кәсіпкерлер палатасы, Cambridge English Language Assessment.

Мақсаты: педагогикалық инновациялардың бағыт-бағдары, мәселелері мен болашағы туралы талқылай отырып, оның білім беру сапасына тигізетін мүмкіндіктерін анықтап және нәтижесін мектептер мен колледждерге тарату ісін насихаттау. Конференция қатысушылары өз баяндамаларын оқып, оларға сертификаттар берілді.

  

 

Басылым күні :  03.11.2016