Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысы өтті.

13.10.2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысы өтті. Сайыс әр топтың өз аттары мен ұрандарын таныстырумен басталды. Сайыс барысында білім алушылар сапта салтанатты жүруден, сапта жүріп ән айтудан, турник пен брусьяда тартылудан, секіртпеде секіруден, арқан тартыс бойынша жарысты. Сайыстың әр кезеңі бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Рухты асқақтатып, жігерді жігерлендіре түсетін аталған сайыс білім алушылар мен қонақтар тарапынан оң бағаға ие болды.

 
   

Басылым күні :  17.10.2016