«Ұстаз – ұлы тұлға!»

30.09.2016 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Кеш барысында жас ұрпақтың санасын білім нәрімен сусындатып жүрген колледж оқытушылары ұстаздық жолында еткен ерен еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталып, ұстаздардың мерейлі мерекесіне арналып ұйымдастырылған шағын концерттік қойылым арқылы колледж білім алушыларының алғысына бөленді.

       
   

Басылым күні :  03.10.2016