ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТІРЕГІ

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Еліміз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына қадам басты. Бұл уақыт аралығында еліміз әлеммен терезесі тең, 130 ұлттың басын қосқан, ынтымақтастығымен үлгі болған мемлекетке айналып үлгерді. Тіл - тәуелсіздігіміздің мықты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп айтуы Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті үшін 22 қыркүйек аса маңызды мерекелердің қатарына жатады. Мерекеге орай, колледжде түрлі байқаулардан құралған тәрбиелік мәні зор қызықты іс-шаралар өткізілді. Тіл бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көркемсөз оқу байқауы, шығармалар сайысы, қойылым көрсету байқауы, тіл саясатына байланысты дөңгелек үстел, қабырға газеттері ілініп, 22 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының «Бір ел. Бір халық» атты фестивалімен қорытындыланған болатын. Колледж директоры Нурканова Райхан Оразбековна тіл мерекесіне қатысушылардың барлығын құттықтай келе, өзінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, мерекеге ат салысып, белсенділік танытқан барлық студенттерге мақтау қағаздарын ұсынды.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, ауызбіршілікте ұстап, табыстыратын құрал. Мерекеде асқан шеберлікпен түрлі ұлттың мәдениетін театрландырылған қойылымдар арқылы көрсете білді. Колледж студенттерінің қатарында басқа да ұлт өкілдері оқығандықтан, олар үшін мерекенің осылайша аталуының маңызы зор. Бір-бірімен етене араласып, бір шаңырақ астында орналасты. Студенттердің өздерін басқа қырынан көрсете білді. Студенттермен қатар, оқытушылар да өз үлестерін қосқан мерекеге, тілге деген құрмет арта түсті.Тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай тілдер мерекесіне арнап өткізіліп жатқан іс-шараларды жастардың елі­міздің дамуына қосқан үлесі деп айтуға әбден болады. Начало формы

Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктететін, абыройын асыратын, өз бақытына қол жеткізетін, білім мен білік жолын таңдаған қазіргі ұрпақ жұмыла еңбек етуіміз қажет.

 


Басылым күні :  26.09.2016