Колледжде Білім күні аталды

 

Бүгін еліміздің барлық оқу орындарында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
2016 жылдың   қыркүйектің бірінде бейіндік мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті. Жиынға жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Ж.Е., философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедра менгерушісінің ғылыми-инновациялық іс-әрекет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., доцент Оналбеков Е.С., колледж директоры Нурканова Р.О. және бейіндік мектеп директоры Алпысбаева Д.Е. қатысты. Жиын жоғары деңгейде өтіп, әр топтарда «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен - өз Отанымның патриотымын» атты білім беру сабақтарымен жалғастырылды. Білім беру сабақтары білім алушылардың патриоттық сезімін нығайту, азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өтті. Білім беру сабақтарына ата-аналар, қонақтар қатысты.

 

Басылым күні :  01.09.2016