22 мамыр куні колледж студенттері және мұғалімдері "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып қайтты

Қазіргі таңда біздің салт-санамызға жат нәрселер етек алып келеді. Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп үлкендерді сыйлап, құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы.Оның бірден-бір себебі, осындай қарттар үйінің көптеп етек жаюында. Ғаламтор ақпараттарына сүйенсек, еліміздегі қарттар үйінің саны 87-ге жуықтапты. Отыз мыңдай адам амалсыздан осы интернат-үйлерді паналайды екен. 21.05 күні колледж білімалушылары Пк-101,102;ПДК-105 топтары және кураторлары Идрисова Г.А;Камалиден М.Ж;Егеубаев А.А;Ауелов А.А. Алматы қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан "Шаңырақ"әлеуметтік қызмет орталығына барды.Қазыналы қарияларымыздың көңілін көтеріп,әннен шашу шашылды.

Басылым күні :  10.06.2023