колледж студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып қайтты

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген. Өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенге ақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді әспеттеп, оларға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген соғыс ардагерлерінің қатары күн санап азайып барады.

Осы орайда,9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледж студенттерімен ұстаздары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, дендеріне қуат, отбасының амандығын тілеп, жылы лебіздер айтып, арнайы сый-сияпатын табыс етті.

Ардагерлерге деген ілтипат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек.

Басылым күні :  10.06.2023