"Шаңыраққа ата жұртын көтерген, уық болып шаншылайық бауырлар!" атты әдеби-музыкалық кеш өтті

27.04.2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аясында "Шаңыраққа ата жұртын көтерген, уық болып шаншылайық бауырлар!" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Ұлт пен ұлыс өкілдері мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті. Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір киелі мекен. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.
Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Басылым күні :  10.06.2023