Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Қазіргі замандағы техникалық және кәсіптік білім беру: мәселелері мен болашағы» атты онлайн халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

09.12.2022 жылдың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Қазіргі замандағы техникалық және кәсіптік білім беру: мәселелері мен болашағы» атты онлайн халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Ғылыми конференцияның мақсаты мен міндеттері:
🔻ғылым мен білімнің қазіргі тенденциялары мен дамуына тоқталу;
🔻ғылым, білім және өндірістің келешегі мен тенденцияларын талқылау;
🔻ғылым мен білімнің тұжырымдамалық мәселелері бойынша шетелдік және қазақстандық зерттеушілермен тәжірибе алмасу және осы істі үйлестіру.
Аталған конференцияға Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның орта кәсіби білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысып, тың идеялармен бөлісіп, қызықты пікір алмасу алаңын құрды. Конференция нәтижесі мақалалар жинағына жарияланады. Қатысқан баяндамашыларға сертификат табысталды.




Басылым күні :  09.06.2023