«Сыбайлас жемқорлық неге қауіпті» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.

14 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері меңгерушісі Мусалаева Ш.А., сонымен қатар оқу ісінің орынбасары Егеубаев А.А. «Сыбайлас жемқорлық неге қауіпті» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді. Студенттер Орал Бауыржан, Маратұлы Азамат, Жарылқасын Бексұлтан, Тин Максим азаматтардың, сондай-ақ шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы айтты. Сондай-ақ студенттер мемлекеттік және мемлекеттік қызметкер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейнеролик көрсетті. Студенттер тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлықпен күресуге, жемқорлық әрекеттерге бармай, мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюға атсалысуға шақырды.





Басылым күні :  25.04.2022