“Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру” тақырыбында кураторлық іс-шара

2022 жылдың 1-наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің “Құқықтану” мамандығы, 1 курс ПК-101 тобының студенттерімен кураторы – Сапирова М.М және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Егеубаев Ә.А. ұйымдастыруымен “Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру” тақырыбында Қазақ психология қоғамы мүшесі, жастар коммитетінің төрағасы, психолог, психотерапевт, Амангелді Мейрамбекұлы мырзаның қатысуымен кураторлық іс-шара болып өтті.

Мақсаты: Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгертіп, оны жан-жақты үйлесімді етіп дамыту. Іс-шара барысында білімгерлер мен кеш қонағы «тұлға» және «тәрбие» ұғымдарына түсініктеме беріп, мән-маңынасын ашуға тырысты. Сонымен қатар «Тәрбие – отбасынан басталады» мәселесін қозғады.






Басылым күні :  02.03.2022