Заң факультетінің сот мәжіліс залында актуалды мәселелер тақырыптарында оқу-ойын процесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің сот мәжіліс залында “Азаматтық құқық“ және “Азаматтық іс жүргізу” пәндерінің   оқытушысы Сапирова Мира Мейрхановнаның бастамасымен студенттерді сот органдарының жұмысымен, сот мәжілісін өткізумен және құқықтық нормалармен таныстыру, құқықтық тәрбие беру және практикалық машықтарды дамыту мақсатында сондай-ақ, “Саналы ұрпақ - жарқын болашақ” бағдарламасы аясында колледждің “Құқықтану” мамандығы 3 курс ПК -301 тобының студенттерімен қазіргі таңда белең алған актуалды мәселелер: “Еңбек дауы” және “Ата-ана құқығынан айыру” тақырыптарында оқу-ойын процесі өткізілді. Іс-шара соңында студенттер өткізілген процесс және сот жұмысымен танысу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп тарқасты.




Басылым күні :  24.02.2022