Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мұражайына экскурсия

23.11.2021 ж ҚР Ұлттық Банк мұражайына экономика пәндерінің оқытушысы Ерғали Д.Е. жетекшілігімен 0516000 «Қаржы» мамандықтарының қазақ және орыс топ білім алушылары экскурсияға барды. Мұражайда 5 мың данадан астам жәдігер бар, олардың ішінде алтын адамның макеті, алтынның және күмістің құймалары және таза кесек күйінде де бар, патша Николай кезеңіндегі 1898-1899 жылдары шығарылған құны 5-10 рубльдік күміс, алтын монеталар да бар. Бүгінгі күні Мұражай көп жылдар бойына тек республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық та мәні бар құндылықтар қоймасы болып табылады. Мұражайды аралап, әр кезеңнің өзінің ерекшелігімен танысқан оқушылардың қызығушылығы артып, тарихтың тереңін бір шолып қайтты. Теңгенің шығу тарихы жайлы толық ақпарат алып, білімдерін кеңейтті.

Басылым күні :  24.11.2021