Ахметов Мәди Абылайұлымен көшбасшылық дәріс

2021 жылы 1 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Білім күніне арналған онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі Ахметов Мәди Абылайұлымен көшбасшылық дәріс өткізілді.

Мерекелік шараны колледж директоры Райхан Оразбекқызы Нұрқанова ашып, колледж ұстаздарын, білім алушыларды айтулы күнмен құттықтады. Кезекті сөз Мәди Абылайұлына беріліп, өз кезегінде қысқаша өмірбаянымен, студенттік шақ және депутаттық қызметі туралы баяндады. Студенттерді бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, жақсы маман иегері болуына тілек айтты.

Басылым күні :  03.09.2021