«Түрік тілі мен мәдениеті апталығы» басталды

2021 жылдың 15 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығы жанындағы Түркия Республикасы білім министрлігіне қарасты білім атташелігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін дәстүрлі "Түрік тілі және мәдениеті" апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы А.Р.Акынджы, Нұрсұлтан қаласындағы Түркия Республикасының елшілігі жанындағы Білім жөніндегі кеңесші А.Четин, Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығы жанындағы білім атташесі М.Ағырман қатысты. "Түрік тілі және мәдениеті" апталығының мақсаты студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып Түркияның тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиетін жақыннан тану және таныстыру.

Басылым күні :  15.03.2021