Кафедраның үздік студенті

 

Шералы Ажар Бейбітқызы

Шығыстану факультеті, ТҮРКСОЙ кафедрасы, Шетел филологиясы: түрік тілі (5В021014) мамандығының 3-курс студенті. Қызыл аттестат иегері, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысушы. Университет ұйымдастырған конференцияларға, мерекелік  іс-шараларға, интелектуалды ойындарға, дебаттар мен студенттік ұйымдарға белсене ат салысады. Қазіргі таңда 3-курстың көктемгі семестрін Туркия мемлекетінің, Нигде қаласындағы Өмер Халисдемир университетінде оқуда.

Жармуханова Жанна Алмазовна 

Жармуханова Жанна Алмазовна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының 4-курс студенті. 2015 жылы Батыс Қазақстан Облысындағы «Үміт» гимназиясын «Алтын белгімен» бітірген. Мемлекеттік грант иегері. 2017 жылы Анкара қаласында Yunus Emre Enstitüsü ұйымдастырған жазғы лагерьде болып қайтты. 3-курста Erasmus+ бағдарламасымен Түркия Республикасының астанасы Анкарадағы Хаджеттепе университетінде білім алып келді. 2 рет Президенттік шәкіртақы иегері болды. Кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады.

Андирова Алина Ережепбайқызы

ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 4-курс студенті. Француз тілінен республикалық және халықаралық олимпиадаларының жеңімпазы; «Әл-Фараби» олимпиадасының күміс жүлдегері; «Фараби әлемі» ғылыми конференциясының қола жүлдегері; «Мисс КазНУ 2017» жартылай финалисті; «ЕМА-2015», «SKI JUMPING-2016», «KITF 2016» жобаларында волонтер-атташе; «EXPO-2017» халықаралық көрмесінде супервайзер; «ҚазҰУ 500 үздік студенттер» ішінде бірінші ондықта; Түрксой шәкіртақысы иегері; «Erasmus+» грант иегері; Анадолы университеті(Эскишехир, Түркия), Хаджеттепе университетінде(Анкара,Түркия) оқыды.

Жұмакелдина Мадина Жұмакелдіқызы


Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының 3-курс студенті. Олимпиада жеңімпазы, белсенді студенттік өмір сүреді. Университет, факультеттің және кафедра ұйымдастырған әртүрлі іс-шаралар, мейрамдарға(16 желтоқсан, 22 наурыз, май және т.б) және ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Қазіргі таңда 3-курстың 2 семестрінде Түркия елінде Нигде Университетінде білім алып жатыр.

Зыямиденова Назерке Дулатовна

Шығыстану факультенің, Түркітану және Үндітану кафедрасының 4 курс студенті."Алтын белгі" иегері, белсенді студенттік өмір сүреді. Университет, Факультет немесе Кафедра ұйымдастырған конференцияларға, конкурстарға, мейрамдарға, ( Тәуелсіздіктің РК күні, Наурыз, 8 наурыз, 7 майдың және д.р.) викториналарға қатысады.3-і курс бойы Анкара Университетіңде, Турцияда оқыды.

Бисенғали Ақмарал Зинол-Ғабденқызы

Шығыстану факультенің, Түркітану және Үндітану кафедрасының 2 курс магистранті.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының «Тілтаным» журналына Түркия және Қазақстан терминологиясы мәселелеріне қатысты мақалалар жариялап тұрды. Түркітану және үндітану кафедрасының магистранттарына дәріс оқуға Түркиядан келген түркітанушы ғалым, профессор Мехмет Арсланмен, Амстердам (Нидерланды) университетінен келген профессор, арабтанушы ғалым Зифа-Алуа Әуезовамен түрік дүниесі, түрік терминологиясы және бүгінгі ғылым жағдайы жайында газет бетінде сұхбаттар ұйымдастырды.

Қодар Айман Әуезханқызы

Шығыстану факультенің, Түркітану және Үндітану кафедрасының 3 курс студенті.Грантты ол «Берік Мағысұлы Жылқыбаев шығармашылығындағы ит және бөрі архетиптері» ғылыми жұмысымен мектептік ғылыми жобалардың Республикалық жарысында 1 орын иеленгені үшін алды. Сонымен қатар бұл жұмыс Б. Жылқыбаевтың санқырлы мұрасына арналған Жазушылар Одағында өткен конференцияда оқылды.Студент көркем әдебиетпен де айналысады. 2013 жылы ол «Өзгерістер» әңгімелер жинағын шығарған.2014 жылы «Сұңқар» стипендиясын ұтып алды.