10-24.01.23- Қысқы мектеп

Отандық және шетелдік студенттердің қатысуымен қысқы мектеп

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Стамбул университеті, «Түркітану ғылыми зерттеу институтында» білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен 2023 жылдың 10 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында «Қазақтан мен Түркия Республикаларының дипломатиялық қарым қатыынастарына 30 жыл» тақырыбында онлайн форматта қысқы мектеп өтеді.

Қысқы мектептің мақсаты екі елдегі тыңдаушыларға Қазақстан мен Түркияның соңғы 30 жылдағы бір-біріне жақындауын, ғылым-білім саласындағы көптеген жетістіктерге қол жеткізгендіктерін, ортақ тарихымыз мен тіліміз, дүниетанымыз жайында, тағы да басқа көптеген саллар бойынша ерекшеліктеріміз бен ұқсас тұстарымызды таныстыра отырып, қазақ халқы мен түрік халықының ортақ құндылықтарын тарихын зерделеу. Әрі бұл шара осыған дейін жалғасып келе жатқан Қазақстан-Түркия арасындағы білім және ғылым кеңістігіндегі ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы. Қысқы мектепке 20-ға жуық шетелдік студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысуда. Дәрістер қазақ, түрік тілдерінде жоғарыда аты аталға университетер оқытушылары тарапынан «Қазақ хандығы мен Осман мемлекеті кезіндегі хат алмасулар», «КСРО ыдырғанан кейінгі Түркияның Орта Азияға деген зщқюбдщсыртқы саясаты», «Түркі әлемі аясында Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынастары», «Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-саттық экономиаклық байланыстар.», «Түркия мен Қазақстанның Баспасөз ақапарат құралдарының қарым қатынастары», және басқа да өзекті тақырыптар бойынша өткізілуде. Курс нәтижесінде тыңдаушылар мен дәріскерлерге сертификат беріледі.