"Жазба жәдігер және рухани мұра" ғылыми-зерттеу орталығы
«Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіндегі «Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығында 2017 жылдан бері көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды оқу, ғылыми талдау, сараптау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтың басты мақсаты:
-
Қазақ даласында таралған жазба жәдігерлерді табу, классификациялау, каталогін тізу;
-
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын тарих, әдебиет, этнография, дінтану, әлеуметтану сияқты ғылымның әр саласында кешенді зерттеуді дамыту.
Орталықтың міндеттері:
- Қазақстан аумағында кездесетін шығыс тілдерінде (араб, парсы, шағатай) жазылған қолжазбаларды жинақтап, қор құру;
- Тарих, этнография, археология, филология, әдебиет, философия, дінтану, шығыстану, түркітану зерттеулеріне негіз бола алатын қолжазбалардың салалық көрсеткішін жасау;
- Қазақстан аумағында табылған қолжазбаларды зерттеу, ғылыми айналымға енгізу;
- Осы жұмыстар арқылы қазақ тарихын, әдебиеті мен тілін, мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақ ғылымын жазба ескерткіштер арқылы таныту жұмыстарды жасауға бағытталған.
Бөлім басшысы: проф.м.а., ф.ғ.к. Шадкам Зубайда
Байланыс телефондары: +7 (727) (ішкі: ), +7 747 452 43 68 , +7 777 300 69 92, + 7 707 615 31 40,
Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қарасай батыр көш. 95а, 411 каб.
e-mail: kairanabayeva.n.n@gmail.com
Бөлімнің жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма 09.00 - 18.00, сенбі 09.00 - 14.00
Жексенбі - демалыс күні.