27.09.2019 - "Әзербайжан әлемі" журналының тұсаукесері

27.09.2019 - "Әзербайжан әлемі" журналының тұсаукесері

 

Түбі бір түркі елі саналатын Әзербайжан туыстық қарым-қатынасы жылдан жылға артып келеді. Тек экономикалық жағынан ғана емес, тарихи-мәдени тұрғыдан да көптеген жетістіктерге жетуде.Бүгінде ортақ құндылықтарымызды дәріптеу жолында екі елде қолдан келгенше ауқымды істерді тандырып жатыр. Соның куәсі ретінде "Әзербайжан әлемі" журналының кезекті санының Қазақстанға арналуы десек артық айтқандық болмас. Алматыдағы Ұлттық кітапханада "Әзербайжан әлемі" журналының кезекті санының тұсауы кесілді. Шара аясында еліміздің белгілі ақын жазушысы Олжас Сүлейменов "Отанның ұлы" атты алтын медальмен марапатталды. Бұл өз кезегінде қос мемлекеттің тағы да достығын айқындап отыр. Өз кезегінде шараның басты қонағы "Деде Горгуд" қорының президенті Эльдар Исмаилов: "Деде Горгуд" қоры мен "Әзербайжан әлемі" атты журналының атқарып келе жатқан жұмысының негізгі мақсаты түркі тілдес елдердің ортақ мәдениетін дәріптеу, бауырлық қарым-қатынасты нығайту. Қазақстанға көптеген елдің айтар алғыстары шексіз. Өздеріңіз білесіздер, ашаршылық кезінде қазақ еліне көптеген ұлттар келіп паналады. Қазақ елі құшағын жайып қарсы алды, нанымен бөлісті. Бұл тарих ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Қазақстанның Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен Түркі әлемі үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан мен Әзербайжанның достығы жасай берсін" деді.

Салтанатты шараға еліміздің танымал тұлғалары,  ақын, түрколог  Олжас Сүлейменов, Әзербайжан елшілігінің өкілдері, Әзербайжан диаспора Комитеті, консулдық өкілдері, Шығыстану факультетінің деканы РһD доктор Ы.Палтөре, Түрксой кафедрасының ұстаздары мен студент-докторанттары қатысты. Бұл іс шараны Гейдар Алиевтің «Достық» республикалық қоғамының вице-президенті, Халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Кенжина Насиха Гумаровна жүргізді.

Кортабаева Г.К.

Түрксой кафедрасы

Шығыстану факультеті

А.Халел