Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні – бұл барлық әйелдерге, аналарға және адамзаттың дамуына және тіршілігіне қосқан зор үлесі үшін ана болу идеясына деген ерекше құрметімізді білдіретін күн. Оқу үрдісін ұйымдастырудағы сапалы және ойластырылған тәсілдің жақсы дәстүрін басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған сабақтың бірі доцент Эльнара Дулаева мен аға оқытушы Халел Агнурдың сабағы болды. Сабақтың мақсаты – Халықаралық әйелдер күніне байланысты жаңа лексикалық материалдарды ұсыну, оны тәжірибе жүзінде қолданумен қатар тиімді әдістерді қолдана отырып, өткен грамматикалық құрылымдарды шоғырландыру болып табылды. Өткізілген іс- шара қонақтарға: кафедра меңгерушісінің оқу- әдістемелік жұмыстары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, сонымен қатар «Түрксой» кафедрасының аға оқытушыларына жағымды әсер қалдырды. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар: Ұ.Қадырбаева, Қ.Жанатаева, мұғалімнің сабақтың мақсаты мен міндетіне жету үшін егжей- тегжейлі дайындаған сабақ жоспары мен тиімді стратегияларының қалай көмектесетінін көре алды. Достық атмосферасы мен қызықты сабақ тақырыбы кез- келген білім беру үдерісінің жетістігінің негізгі компоненттері болып табылады.

 Қорытындылай келе, кез- келген адами қарым- қатынас маңызды екенін, алайда ана мен оның балалары арасындағы қарым- қатынас бәрінен бұрын тұрғанын еске салғым келеді. Аналарыңыз сіздермен жетістіктеріңізді де, жеңілістеріңізді де бөлісетінін ұмытпаңыз, сондықтан бұл үшін оларға жылына бір рет ғана емес, күн сайын алғыс айту өте маңызды!

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:  А. Халел, Э.Дулаева


                                                                                 

Басылым күні :  13.03.2021