«ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» атты тәрбиелік іс-шара

2020 жылдың 12 қараша күні «100 кітап» жобасының аясында Түрксой кафедрасының доценті А.К.Ахметбекованың ұйымдастыруымен «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» атты тәрбиелік іс-шара онлайн форматта өтті. Бұл іс-шара қазақ хандығының құрылуына атсалысқан Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет жыраулардың өмірі мен шығармашылығына арналды. «Мәңгілік ел» идеясына негіз болған, қазақ дүниетанымын қалаған атақты батыр жыраулардың ерен еңбектерімен, ерлік істері мен отты сөздерімен танысу студенттердің өрісін кеңейтіп, елі үшін мақтаныш сезімін тудырады. «Түркітану» мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс студенттері Мұхамеджан Бегімай, Мұратбекова Маншук, Абибуллаева Айдана презентация жасап, өз баяндамаларында Асан Қайғы, Жиембет, Қазтуған жыраулар жайында құнды да, қызықты мағлұмат бере алды. Онлайн іс-шараға шығыстану факультетінің 2-3 курс студенттері қатысты.

Басылым күні :  17.11.2020