Сүлеймен Паша ҚазҰУ-да қонақта

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» орталығында Түркияның атақты актері Сердар Гөкхан мырзаменен кездесу өткізілді. Ол 120-дан астам фильмдерде ойнап, “Жаужүрек Ертұғрыл” атты фильмде Сүлеймен паша рөлін ойнап шықты. Бұл Алматыға және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не алғаш келуі болған екен.

Сердар мырза біздің университетімізбен және оның «Әл-Фараби» атымен таң қалды. Келешекте Әл-Фараби туралы фильмде түсу ойына біздің университетіміз ықпал еткенін айтты.

Түркиядан келген қонақты КазҰУ-нің Коммерцияландыру жөніндегі проректор Мехмет Арслан қарсы алды. Қонақтарды «Керемет» студенттік сервис орталығының директоры С.М.Баяндинова, «Телерадио кешені»-нің директоры Д.Дуйсенбаев, Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Қыдырбаева Ү., іс-шараға жауапты Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының оқытушысы Н.Қайранбаева қарсы алды.

Іс-шара соңында университетіміздің атынан Сердар Гекханға «Алтын Сақа» естелік сыйы табыс етілді.

Түрксой кафедрасының оқытушысы Н.Қайранбаева

Басылым күні :  21.11.2018