ТҮРКІТАНУШЫ-РУНОЛОГ ҒАЛЫММЕН КЕЗДЕСУ

2018 ж. 10 қарашада кафедрамыздың Түркітану мамандығы оқытушылары ұйымдастырған, университетіміздің журналистика кафедрасының доценті Аманқос Мектептегінің«Руна жазуының құпиясы»атты ғылыми семинары өтті. Семинар, атауынан да көрініп тұрғанындай, кафедрамыздың Түркітану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарының қызығушылығына ие болды. Аманқос Мектептегі өзінің ғылыми семинарын руна жазуының арғы тегінен бастап Моңғолиямен Қырғызстан, Қазақстанның бірнеше аймақтарында орын алған рунатектес балбалтастардың тарихы туралы сұхбатымен жалғастырды. Олардың халықтың тарихи жады мен этнографиясына қалай әсер ететіні туралы, қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде елеусіз болса да өмір сүруін тоқтатпағаны туралы әңгімелеп, қызықты да сындарлы деректермен жабдықтады. Бірнеше сағатқа созылған семинар, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, соңынан сұрақтарға жауап беру мен еркін әңгімелесуге ұласты. Слайт, кітап, карта сияқты көрнекі құралдармен қоса тікелей интернет желісіне қосылып тиісті материалдарды пайдаланып семинарға қатысушы қауымға қызықты да тың ақпар бере алды.

Семинар соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдыр Төреәлі мырза бүкіл факультет ұжымы атынан ілтипат білдіріп Аманқос Мектеп мырзаға «Алғыс Хат» табыс етті.

ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы Е.З.Есбосынов

Басылым күні :  14.11.2018