Шығыстану факультетіндегі Түрік апталығы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы және Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Косулдығының ұйымдастыруымен 16-20 сәуір 2018 ж. аралығында Шығыстану факультетінде Түрік апталығы болып өтті.

Апталықтың алғашқы күні Косул сағатымен басталды. Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас Косулы Ырыза Қаған Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 1-4 курс студенттеріне «Түркия және Қазақстан достық кемесінде» тақырыбында лекция оқып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Түрік апталығында түрік халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы, әдебиеті және өнері дәріптеліп, студенттерге таныстырылды. Апталықтың ашылу салтанатына Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас Консулы Йылмаз Каған Мырза, Шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі Т.Е. Қыдыр, А.Яссауи атындағы Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Н. Шимсек, түрік кәсіпкерлері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Апталықтың екінші күні 1-4 курс студенттері арасында шығарма жазудан жарыс өтті.

Апталықтың үшінші күні Осман және шағатай тілдеріндегі қолжазбаларды танытуға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Апталықтың төртінші күні түрік поэзиясына арналды. Кеште 1-4 курс студенттері түрік тілінде өлеңдер оқып, жырмен сусындатты.

Апталықтың бесінші күні түрік халқының қолөнер бұйымдарының көрмесі болды. Сонымен қатар, апталықтың жабылу салтанаты болып студенттер марапатталды.

 

Назарова А.Ж.




Басылым күні :  22.05.2018