Түрксой кафедрасының студенттері Ашық есік күнінде түрік мәдениетін көрсетті.

  2024 жылдың 11 сәуірінде Түрксой кафедрасының 1-2 курс студенттері Шығыстану факультетінің ашық есік күнінде түрік мәдениетіне арналған баяндамаларымен қонақтарды таң қалдырып, тәнті етті. Шара Шығыстану факультетінде өтіп, Алматыдағы орта мектептер мен колледждердің студенттері, сондай-ақ елшіліктер, консулдықтар және шетелдік компаниялар өкілдерінің назарын аударды.Студенттер түрік ұлттық киімдерінің дефилесін ұсынып, ұлттық киімдердің байлығы мен сұлулығын паш етті. Сонымен қатар, шара қонақтары түрік асханасының ұлттық тәттілерінен дәм татуға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шара қонақтарға шығыс қонақжайлылық атмосферасына еніп, шынайы дәмнен ләззат алуға мүмкіндік берді.Шараның мақсаты – болашақ талапкерлерді шығыстану факультетімен таныстыру. Түрксой кафедрасының студенттері түрік халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының байлығын ұсына отырып, бұл мақсатты сәтті жүзеге асыра білді.1 курс эдвайзері Н.Н.Кайранбаева

Басылым күні :  15.04.2024