«Түркістаннан Анадолыға: өркениет сабақтастығы»

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары аясында қабылданған 17 негізгі бағыттың ішіндегі «сапалы білім беру» мақсатын жүзеге асыру шаралары аясында 2023-2024 оқу жылының 22 қаңтар-02 ақпан күндері аралығында «Түркістаннан Анадолыға: өркениет сабақтастығы» атты қысқы мектеп лекциялар курсы Стамбұл университеті білім алушы жастарына оқытыла басталды. Курстың мақсаты Стамбұл университетінің студент, магистрант және докторанттарын түркі өркениетінің тарихымен,  ұлттық құндылықтармен, тілдік жақындық, ерекшеліктері және классификациясымен тереңірек таныстыру. 

       Осы орайда, Түрксой  кафедрасының аға оқытушысы Н.Қ.Ілияс «Түркияның Орта Азиядағы рөлі», PHD, аға оқытушы Е.А. Қуанышбаев «Түркия Түркологиясына үлес қосқан Орта Азиялық түріктер», доцент З. Шадкам «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының сирек кітаптар бөліміндегі тарихи түрік мәтіндерінің сипаттамасы», аға оқытушы Г.К. Теменова «Қазақстанды Ресейдің отарлауы және реформаторлық қозғалыстар», PHD, аға оқытушы Н. Қайранбаева «Түрік студенттеріне қазақ тілін үйрету әдісі»,  PhD, профессор м.а.., А.А. Құрманәлі Чакыроглы «Қожа Ахмет Яссауи мен Юнус Эмре поэзиясындағы рухани құндылықтар», PhD, доцент Хаят Арас «Жойылып бара жатқан түркі тілдері»,  аға оқытыушы Н.М. Шуиншина Мета «Қазақ ертегілері туралы зерттеулер», аға оқытушы К.Б. Жанатаева мен оқытушы Э.Ә. Монтанай «Түркі Одағы мемлекеттерінің интеграциясы»,  филол.ғ.к., аға оқытушы Э.Дулаева «Қазақстандағы шетелдіктерге түрік тілін үйретуде қолданылатын технологиялық құралдар» атты тақырыптарда дәріс оқуда. 

         «Түркістаннан Анадолыға: өркениет сабақтастығы» атты қысқы мектеп лекциялар курсы Стамбұл университетінің білім алушыларына Түркі елдері мен Қазақстанның тілі мен әдебиеті, фольклоры, тарихы мен мәдениеті жайлы құнды мәліметтер ұсынумен қатар, Стамбұл университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы білім және ғылым саласындағы екі жақты байланыстың нығая түсуіне септігін тигізуде.  

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

аға оқытушысы Г.К. Теменова


Басылым күні :  06.02.2024