Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Түрік мәдениетінде чай мен кофенің маңызы» атты ашық сабақ өткізілді

05/10/2023 күні 2 курс шетел филологиясы бөлімі студенттерімен «Мәдениетаралық коммуникация бойынша практикум» дәрісі бойынша «Türklerdeki bayram kültürü. Түрік халқында мейрам мәдениеті. Түрік мәдениетінде чай мен кофенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Дәрісте көптеген мемлекеттер мен мәдениетте «Түрік кофесі» деген атпен танылған және түрік мәдениетінің күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған чай мен кофенің тарихы, түркияға таралуы жайында мағлұматтар берілді. Студенттерге «Түрік кофесі» деп атаудың себебі, оны пісіру әдісі көрсетіліп, оқытушылар мен студенттер түрік көфесінен дәм татты.

аға оқытушы Н.М.Шуиншина Мета 


 

Басылым күні :  23.10.2023