3 Курс студенттері Ахмет Байтұрсыновтың Мұражай-Үйіне саяхаттап қайтты

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 3 курс студенттері мен эдвайзері Назым Шуиншина Мета қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени - ғылыми мекенжайына барды. Студенттер мұражайда А.Байтұрсыновтың өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптармен, шетелдік және отандық зерттеуші ғалымдардың теориялық еңбектерімен танысып қайтты. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мұражай - үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған.

А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, мұражайдан алған әсеріміз баға жетпес қазына.

 

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары  

Н.М.Шуиншина Мета

Басылым күні :  21.04.2023