«Түрік апталығының» 3-4 күні: Поэзия кеші

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13-17 наурыз аралығында Түрік апталығы өтті. Апталықтың 4- күні студенттердің арасында түрікше өлең оқуға арналды. 2023 жылдың 16 наурызында өткен жыр кешіне Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының студенттерімен қатар, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен де студенттер қатысып, өз бақтарын сынады. Кеште 30-дан астам түрік ақындарының өлеңдері оқылып, әділ-қазылар тарапынан бағаланды. І орынды әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының курс студенті Жарқынбек Жанбота, ІІ орынды Мұхидин Гүлдана мен Эргашева Мавлюда, ІІІ орынды Тілеу Аружан, Тулибек Рахима және Серікбай Қарашаш иеленді.

 

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:

А.Ж. Назарова, Н.М. Шуиншина- Мете

 

 

 

 

Басылым күні :  19.03.2023