Түркой кафедрасында 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік кеш өткізілді

 

 

 

Қазақстан халқы 2016 жылы тұнғыш рет Алғыс айту күнін  атап өтті.  2016 жылғы 14 қаңтарда  Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту  күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды  құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Осы Алғыс айту күніне орай 1 наурызда Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және 3 курс студент жастары қатысуымен «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік кеш. Іс шарада 3 курс студенттері кафедра оқытушыларына алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды. Сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы түрік диаспорасының өкілі ф.ғ.к Дулаева Эльнара Зилпикарқызы  Қазақстан халқына деген жүрек жарды алғысын білдірді. Мәдени іс-шара 3 курс студенттерінің ойын, өлең, жырларымен жалғасын тапты.

 

3 курс эдвайзері Н.М.Шуиншина Мета

Басылым күні :  09.03.2023