Қолжазбалар және Сирек Кітаптар Ұлттық Орталығы мен «Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды

18-26.10.2022 ж. аралығында «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры доцент З. Шадкам және орталықтың маманы Ө. Тұяқбаевдің ғылыми іссапарымен Астанаға барып келді.

Іссапар қаласына АР09259326 «Дастӯр ал-‘илāж» – далалық медицина дереккөзі» гранттық жоба аясында өткізілді. Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі Қолжзбалар және Сирек Кітаптар Ұлттық Орталығының директоры PhD Болдыков Жандоспен кездесіп, орталықтың жұмыс бағыты, орталықтың қолжазба деректерімен, басылымдарымен танысу мүмкіндігі болды. Орталықтың каталогімен танысып, шағатай тілінде жазылған қолжазба кітаптарды «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының дайындаған каталогімен салыстыру мүмкіндігі болды.

З. Шадкам «Араб графикасымен жазылған қолжазба және сирек кітаптардың өңдеу, сақтау, каталогдарын жасауда кездесетін қиындықтар және зерттелуі» атты тақырыбында Астана орталығының жас мамандарына семинар өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Қолжазбалар және Сирек Кітаптар Ұлттық Орталығы мен «Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

 

Шадкам Зубайда

 

Басылым күні :  07.11.2022