«Түркия Республикасына 99 жыл»

27 қазан күні Түрксой кафедрасының Әзербайжан орталығында «Түркия Республикасына 99 жыл» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараны факультет деканының м.а. т.ғ.к., доцент Ем Наталья Борисовна құттықтау сөзбен ашты. Ол Түркияның ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі дейінгі даму жолын саралап өтті. Түркияның Таяу Шығыстағы маңызды саяси рөлін атап өтіп, қазақ-түрік достастығының мызғымастығын ерекше тілге тиек етсе, Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD Габдуллин Кенжебек Төлепбергенұлы Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстартуралы әңгімелеп берді.

Шараға Түркияның Кыршеһир қаласынан келген қонақтар Осман Кабадайы мен Джерен Кабадайы, Түркиялық оқытушылар PhD Селенай Кошумджу, PhD Нуреддин Чакыр, Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамыжәне студент жастар қатысты.

Түрксой кафедрасының студенттері Түркия Республикасының негізін салушы және ХХ ғасырдың ұлы қолбасшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің даңқты сөздері мен «Түрік жастарына үндеуінен» үзінділер оқыды. Салтанатты кеште түріктің патриотты әндері орындалып, жалынды жырлары оқылды.Шараны куратор-эдвайзер Ж.Ә.Әбелдаев пен Селенай Кошумджу ұйымдастырды.

Басылым күні :  29.10.2022