Қазақ ұлттық университетінде Республика күні

Қазақ ұлттық университетінде Республика күні

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай ұйымдастырылған апталықтың қорытындысы ретінде университет басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қалашықта марафон, салтанатты шеру, форум және «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті. Шара барлық факультеттегі отандық және шетелдік оқытушылар мен білім алушылардың қатысуымен марафондық жарыс түрінде басталды. Шараға қатысушылар жәрмеңкеде ұсынылған қолөнер бұйымдарына, түрлі ұлттық тағамдарға, сурет көрмесі мен концерттік бағдарламаларға үлкен қызығушылық көрсетті. Марафон соңында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев жеңімпаздарға кубоктар мен алғыс хаттар табыстады. ҚазҰУ студенттері Қазақ елінің туымен Әл-Фараби даңғылынан «Мәңгілік ел» аркасына дейін барып, республика бойынша басталған челленджді қолдап, мемлекеттік Әнұранды шырқады. Аталмыш шараға Шығыстану факультетінің декан м.а. Н.Б. Ем, Түрксой кафедрасы меңгерушісі м.а. К.Т. Габдуллин мен кафедра ұжымы да қатысты. Түркиядан ҚазҰУ-нің Түрксой кафедрасына сабақ беруге келген шетелдік профессор Н. Чакыр университетімізде ұйымдастырылған апталықтың өте жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, университет ұжымына алғысын білдірді және барша Қазақ халқын республика күнімен құттықтады.

 

Түрксой кафедрасының шетелдік оқытушысы С.Кошумджу

және Түрксой кафедрасы меңгерушісінің

ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары,

аға оқытушы Г.К.Теменова


 

Басылым күні :  27.10.2022