"Қазақстанда сирек кездесетін кітаптарды зерттеу және сақтау" атты дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

"Қазақстанда сирек кездесетін кітаптарды зерттеу және сақтау" және Дүйсембековтар отбасы ғылыми зерттеулерге арналған кітаптарға рұқсат беру рәсімдері

2022 жылы 14 қазан, 14.00-15.20

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 2 қабат, 201 ауд.

Ұйымдастырушылар: "Жазба жәдігер және рухани мұра" ғылыми-зерттеу орталығы, шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасы және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, әл-Фараби ҚазҰУ кітапханасы

 

2022 жылдың 14 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында "Қазақстанда сирек кездесетін кітаптарды зерттеу және сақтау" атты дөңгелек үстел және Дүйсембековтар отбасының ғылыми зерттеулерге арналған кітаптарға рұқсат беру рәсімі өтті.

Дөңгелек үстелде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ Басқарма мүшесі-ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Х.С. Тасибеков, Шығыстану факультеті деканның м.а. Н.Б. Ем, әл-Фараби ҚазҰУ кітапханасының директоры А.Б. Сиқинбаева, Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Ж. Жиенбаева Басқарма төрағасы Б.А. Дүйсембеков және Дүйсембековтар отбасы мүшелері, Заң және құжаттамалық қамтамасыз ету Департаментінің директоры Г.С. Жолдасбаев,  "Жазба жәдігер және рухани мұра" орталығының директоры З. Шадкам, әл-Фараби ҚазҰУ кітапханасы директорының орынбасары Ж. А. Арекенова, Түрксой кафедрасының меңгерушісі м.а. К.Т. Ғабдуллин, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д,М. Кокеева, зерттеу тобының жетекшісі Ы.М. Палторе және зерттеу тобының басқа мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелді басқарма мүшесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Х. С. Тасибеков ашты. Дөңгелек үстелде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының директоры А.Б. Сиқинбаева, зерттеу тобының жетекшісі Ы.М. Палторе, зерттеу тобының мүшелері З. Шадкам, Ө. Тұяқбай сөз сөйледі. Дүйсембековтар отбасы тарапынан Б.А. Дүйсембеков және С.А. Дүйсембекова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде 30 млн теңге тұратын кітаптарды сақтау шарттары мен оған қажетті құрал-жабдықтарды алу туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобалары және Орталық Азия, Иран, Түркия, Араб елдерінің ғылыми орталықтарымен бірлескен халықаралық жобалары шеңберінде араб, парсы, шағатай және басқа да түркі тілдерінде жазылған сирек кітаптарды зерделеу үшін Дүйсембековтер отбасының сирек кітаптарын зерттеудің өзектілігі талқыланды.

Соңында Дүйсембековтар отбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған зерттеу тобының ғылыми зерттеулер үшін сирек кітаптарды пайдалануына рұқсат берді.

Басылым күні :  16.10.2022